ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас педагогтар арасында КТА финалы
23-04-2018 10:17
Жас педагогтар арасында КТА финалы

Жас педагогтар арасында № 16 жалпы орта білім беру мектебінде 20 сәуір күні білім беру жұмысшыларының қалалық кәсіподактық ұйымы мен Павлодар қаласының білім беру бөлімі «КТА - 2018» финалын өткізді. Мақсаты - қызығушылығын қолдау, КТА жастар қозғалысының дамуы, жас педагогтар арасында қарым-қатынас пен тәжірибе алмасунда көмек көрсету.

Бұл нағыз кәсіби шеберлік мереке болды. Финалға барлығы 7 команда қатысты (№ 1, 9, 11, 33, 34, 41 ЖОМ, Жетекші ЖОМ).

Командалардың өнер көрсетуі орыс, қазақ, ағылшын тілінде өтті.Қатысушылар білім беру жүйесі туралы өз ойларын ортаға салды, шығармашылық және фантазияны, логика мен юморды, ақындық және вокалдық қабілеттерін көрсетті.

42 қалалық мектептен 350 астам жанкүйерлер қатысты оның құрамында мектеп диреторлары, кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және жас мамандар өздерінің командаларына түрлі-түсті плакаттармен, ысқырықтармен, ілмектермен қолдау көрсетті.

«КТА - 2018» финалы сәлемдесу «Жас педагог қалайсын?», ширату «Бір қадам алға», үй жұмысы «Бір желідеміз» конкурстан болды.

Әділ-қазы алқасы, білім беру жұмысшыларының қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Сеитова Сабира Шакеновнаның басшылығымен әрбір командаға баға берді.

«КТА - 2018» кубогы және 100 мың теңге сертификатына № 34 жалпы орта мектептің «Большая перемена» командасы гран-при иегері болды.

№ 33 жалпы орта мектебінің«Мы тоже город» командасы I орынды алды, оған мадақтама және 70 мың теңге көлеміндегі сертификат берілді.

№ 1 «Зың-Зың» және № 41 «School-mafia» мектетердің командаларыII орынды иеленіп, 50 мың теңгеге сертификат алды.

№ 9 «Не рокстар», № 11 «Утомленные школой» және Жетекші «Блумлэнд» жалпы орта мектеп командалары құрметті III орынға ие болды. Оларға мадақтама мен 35 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат берілді.

№ 1, 9, 11, 33, 34, 41 және Жетекші жалпы орта мектептерінің директорларына алғыс хаттар берілді.

Қалалық мұғалімдер командасы салалық кәсіподақтар арасында облыстық КТА байқауында оқытуды ұсынады.