ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
VI Ахметов оқуларына қатысу
25-04-2018 10:28
VI Ахметов оқуларына қатысу

Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде ғылыми-тәжірибелік «VI Б. Ахметов оқулары». Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» атты аймақаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Мақсаты - мұғалімдер мен тәрбиешілердің арасындағы ғылыми-әдістемелік, инновациялық қызметін анықтау мен тарату, ғылыми-практикалық тәжірибе алмасу. Сондай-ақ конференцияға Новосібір облысы, Қарасұқ педагогикалық колледжінің, А. Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледж және облыстың колледж оқытушылары, жалпы білім беру мекемелерінің педагогтары мен  мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері конференцияға қатысты.

Конференцияда Павлодар қаласының № 120 сәбилер бақшасының әдіскері Зәмзәгүл Тлеубаевна Панова «Мектепке дейінгі тәрбиешілердің инновациялық қызметі» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама тақырыбы қазіргі заманғы оқыту әдістерін ендірумен,  педагогикалық инновация  тәжірибесі, педагогтардың қызметіне жаңартылған  білім беру мазмұнымен байланысты.

«Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде тәрбиешілердің инновациялық қызметі» атты секциясында осы аталмыш мекеменің тәрбиешісі Руфина Каримовна Дощанова «Баларадың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы арттыру» тақырыбымен қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.