ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ең ақылды мектепке дейінгі балалар мен бірінші сынып оқушыларының зияткерлік марафоны
27-04-2018 12:16
Ең ақылды мектепке дейінгі балалар мен бірінші сынып оқушыларының зияткерлік марафоны

 

«Ертіс дарыны» аймақтық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейде «Білімге бастар жол» республикалық зияткерлік марафонының облыстық кезеңін өткізді. Марафонға 66 баладан құралған 8 команда қатысты, олар: балабақшалардың даярлық топтарының тәрбиеленушілері, мамандандырылған мектептердің бастауыш сынып, инклюзивті сынып оқушылары.

Марафон қорытындысы бойынша ұйымдастыру комитеті барлық қатысушыларға сертификаттар, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

Павлодар қаласы № 96 сәбилер бақшасының «Радуга» командасы «Жас білгірлер» номинациясын, № 6 сәбилер бақшасының «Өркен team» командасы «Жас дарындылар» номинациясын иеленді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар аймақтық білім беру басқармасы, «Ертіс дарыны» орталығы, «Асыл бала» республикалық қауымдастығы, «КАДО» қазақстандық мектепке дейінгі мекемелер қауымдастығы және «UCMAS KAZAKHSTAN» халықаралық ментальды арифметика орталығы болды.