ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қызыл кітап балалар көзімен
28-04-2018 16:16
Қызыл кітап балалар көзімен

«Қызыл кітап балалар көзімен» балалар шығармашылығы Халықаралық саыйс-көрмесі Ресейдің Ханты-Мансий округінің жобасы Ресей, Қазақстан, Татарстан және тағы басқа елдерінің 5000-нан астам балалардың бастарын қосты. Конкурс ұйымдастырушылары шақыруымен № 1 Балалар көркемсурет мектебіні оқушыларының 75 жұмысын жіберді. Соның ішінен 27  жас дарындылардың  жұмыстары «Графика»,  «Кескіндеме», «Сәндік-қолданбалы өнері»  номинацияларында лауреат атына ие болды.

Конкурс нәтижелері бойынша «Қызыл кітап балалар көзімен»атты лауреаттар жұмыстары жиыны басылған.

 Сайыс ЮНЕСКО істері бойынша Ресей Федерациясының Комиссиясы қарамағында «Құтқару және сақтап қалу» Халықаралық экологиялық акциясы аясында өткізілді. Сайыс мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпаққаайналадағы әлемге деген сүіспеншілік, барлық тіршілікке ықыласпен қарау, жауапкершілік  және табіғатпен  бірігу сезімдерін тірбиелеу.

27 оқушылардың әрбірі әрдайым халықаралық сайыстарының жеңімпаздары болып келеді. «Арман мен әлем» балалар суреті халықаралық сайысының I, II дәрежелі Бакалу Аурика и Бекбай Карина (2016 жыл) дипломанттары болды, Коношонок Алена және Левицкая Дарья Брянск қаласындағы «Духовные сокровища твои - 2016» сайысының дипломантары. «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» сайысының дипломант атына  Моторная Анна (2016 жылы) ие болды. Макеева Софья Уфа қаласындағы балалар шығармашылығы сайысының III дәрежелі жеңімпазы. 2016 - 2017 жылдары халақаралық сайыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы, Польшадағы «Все голубо, все зелено»медалист иегері, «Балалар әлемді бейнелейді. Алматы. Орталық Азия» сайысының жеңімпазы, Уфа қаласында өткен А. Кузнецов атындағы халықаралық сайысының 7-жастағы дипломанты Финк Марк. 2017 жылы Минск қаласындағы «Ғаламшардағы балалар бір-бірімен дос» сайысында дипломант болған Андреева Валерия, Чехиядағы графика сайысында - Абзал Инкар (2017 жыл).