ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Балбұлақ» қалалық сайысының финалдық кезеңі
02-05-2018 11:00
«Балбұлақ» қалалық сайысының финалдық кезеңі

Павлодар қаласының № 8 сәбилер бақшасында облысымыздың 80-жылдық мерейтойына орай «Балбұлақ» сайысының финалдық кезеңі өтті. Мақсаты - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық тәрбие беру, дарынды балаларға қолдау көрсету.

Сайысқа мемлекеттік тілде тәрбиелейтін және оқытатын № 6, 8, 10, 50, 122, № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің шағын орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

Конкурс үш кезеңнен құрылды - таныстыру, интеллектуалдық марафон, үй тапсырмасы.  Балалар сайыстың үш кезеңінен де сүрінбей өтті. 2-ші кезеңде балалар 3 тапсырма орындады - «Ойлы болсаң, тауып көр» - Павлодар облысының аудандарын, ақын-жазушыларын, ғалымдарын, өнер иелерін, батырларын, көшелерін атау, 2-ші тапсырма  «Кім тапқыр?» - сурет бойынша қаланың мәдени орталықтарын атады (театрларды, мәдениет сарайларын, мұражайларды,мешіттерді). 3-ші тапсырма «Ұшқыр ой мен өткір тіл» -  берілген тақырыпта әңгіме құрастыру (туған жерінің табиғаты мен байлығы туралы).

Сайысқа қатысқан  тәрбиеленушілер өте өнерлі, шығармашылық және де интеллектуалдық деңгейлерінің жоғары екендіктерін, өз туған жерінің тарихынан терең білімдерін көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлде иегері № 10 балабақша, I орынды № 50 сәбилер бақшасы, II орынды № 122 мектепке дейінгі гимназиясы, III орын № 8 сәбилер бақшасы иеленді. Ал № 6 сәбилер бақшасы мен № 2 ЖОМ шағын орталығының тәрбиеленушілері номинант аталды.     

Бүлдіршіндер білім беру бөлімінің сыйлықтары мен мадақтамаларымен.