Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Өркенің өссін» қалалық байқауының қорытындысы
02-05-2018 15:11
«Өркенің өссін»  қалалық байқауының қорытындысы

2011 - 2020 жылға Мемлекеттік  бағдарламаны дамыту және  тілдерді қалыптастыруды жүзеге асыру  шеңберінде қаланың жалпы білім беру мектептерінің 7 сынып  оқушылары  арасында  Павлодар қаласының  № 24 ЖОМ 2018 жылы 25 сәуірде «Өркеніңөссін» қалалық байқауының  финалдық  туры өткізіледі. Мақсаты - жас ұрпақтың этикалық  норм  тәртібін, рухани-адамгершілігін тәрбиелеу,қазақтың ұлттық  мәдени  мұрасын салт-дәстүрін дамыту және сақтау.

Байқаудың  іріктеу турының  қорытындысы  бойынша   финалдық   турға  № 21, 22, 24, 29, 33, 35, 37, Кенжекөл мектептері өтті. 1- турға 17 мектептің командалары  қатысты.

Финалдық  тур қорытындысы бойынша  бас жүлдені №35 ЖОМ «Жасайбер, қазақ» командасы алды,  І орын № 37 ЖОМ «Мирас» командасы, ІІІ  орын - «Рухты ұрпақ» Кенжекөл ЖОМ командасы.

«Болашақтілдарындылары» номинациясы «Жасайбер, қазақ» № 35 ЖОМ командасына берілді.

Байқау шарты бойынша командалар «Ұлттың тілі - ұрпақтың жаны...»  тақырыбына сәлемдесумен өнер көрсетті,  «Ана тілі - асылың»капитандар  байқауына қатысты, «Сөз өнері өленде...»  шығармашылық байқауында - вокал, көркемдік оқу, сахна.

Байқау қатысушылары  дайындықтың   жоғары деңгейін көрсетті. Соғыс кезіндегі Мәншүк Мәметованың батырлық ерлігін көрсетіп  Кенжекөл мектебінің оқушылары сахналық образымен, әртістілігі, харизмімен ерекшеленді. № 37 ЖОМ вокалистері патриоттық өлеңдерді ашық орындады. Капитан  байқауында № 35 ЖОМ  оқушысы  Жармұханова Камила  қазақ тілі  және әдебиетінен өз білімдерін   көрсетті.