2018 жылғы мамыр айының 14-нен 18-не дейін Шарбақты ауданының «Лесная сказка» сауықтыру лагерінде Павлодар қаласының білім беру бөлімімен оқу-далалық жиындар өткізілуде.
Мақсаты - қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, әскери-далалық жағдайында дағдыларын іске асыру, әскери күнделікті өмірі және тұрмысымен танысу.
Оқу-далалық жиындарға қаланың 37 жалпы орта мектептерінен 10-сыныптардың 380 оқушылары қатысады. Жиын бағдарламасында тактикалық, денешынықтыру, оқ ату, әскери топографияны оқып танысу бойынша сабақтар қарастырылған.
Оқу-далалық жиындарды кезінде әскери борыштарын өтеп келген, аға тәлімгерлер, 39 алғашқы әскери даярлық пәнінің педагог-ұйымдастырушылары мен денешынықтыру мұғалімдері өткізеді.
Оқу-далалық жиындарды өткізетін орнына ұйымдастырылған түрде жіберу Естай атындағы ҚМС алаңында өткізілді, балаларды мектептер директорлары, ата-аналар, мұғалімдер шығарып салды.