Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Стартап бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың инновациялық технологиясы ретінде
18-05-2018 09:29
Стартап бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың инновациялық технологиясы ретінде

2018 жылдың 17 мамырында  Павлодар қаласы № 21 ЖОМ  қалалық сарапшы кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.

Мектеп «Білім мазмұнын жаңарту контекстінде инновациялық жобаларды (стартаптар) іске асыру арқылы өмірлік құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында тәжірибе көрсетті. Іс-шара «Қазіргі заманғы мектеп қандай болуы керек?», «Қазіргі заманғы мектеп - табысқа жету мектебі» деген маңызды мәселелер бойынша панельдік сессиялар түрінде өткізілді. «Заманауи мектеп - табысқа жету мектебі» панельдік сессиясы барысында өмірлік құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін сабақтар мен арнайы курстар ұсынылды.

Математика мұғалімдері Т. П. Стрельба, В. А. Ореховская «Функционалдық сауаттылық мәселелері» арнайы курсы аясында балалармен бастауыш онлайн білім беруді құру бойынша жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті. Робототехника кабинетінің стартаптарды іске асырудағы әлеуетін 3D модельдеу арқылы сервистік станцияларда сұранысқа ие автокөліктерге арналған қосалқы бөлшектерді шығаруға мүмкіндікдіктерін информатика мұғалімі А. Г. Мокроусова ұсынды. Математика мұғалімі Л. Х. Юлдашева, физика мұғалімі С. А. Радцевич тәжірибе жүзінде заманауи сабақтың қандай болуы керек екенін, өмірлік дағдыларды қалыптастыру үшін сабақта практикалық тапсырмаларды қалай қолдану керектігін көрсетті.

Бастауыш және орта мектеп оқушылары мектептің ғылыми жұмыстарды ұйымдастыруға қабілеттігін стартапты орындау бойынша алғашқы қадамдардың бірі ретінде көрсетті. Сарапшы кеңесінің мүшелеріне тамшылатып суару қондырғыларын, үйде жасалған кондиционер, қалдықтардан биогазды алу, биогумустарды алу, автокөліктің дроссельдік корпусына тегершікті жасау бойынша стартаптар ұсынылды. Сарапшы кеңесінің мүшелері мектеп директорларының орынбасарларына жазғы мектеп отырысында білім мазмұнын жаңарту аясында инновациялық жобаларды (стартаптар) енгізу арқылы өмірлік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша мектептің инновациялық тәжірибесін жинақтауға кеңес берді.

Бұдан басқа, инновациялық тәжірибені тарату мақсатында Павлодар қаласының № 21 жалпы орта мектебінің базасы аясында қалалық мектептер мұғалімдерінің шығармашылық топтарының кездесулерін өткізуді ұсынды. Панельдік сессияның отырысы іс-шаралар бағдарламасында көрсетілген мәселелерді талқылаумен аяқталды, қатысушыларға білім беруді жаңарту үдерісінің өзекті мәселелері бойынша пікірталас өткізілді. Заманауи мектепте тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру туралы Павлодар облысының Инновациялық білім беру орталығының әдіскерлері Л. П. Алейник, К. Т. Алимова, Павлодар қаласының білім беру басқармасының әдістемелік жетекшісінің орынбасары Г.А. Шиндлярская өз пікірлерімен бөлісті, олар аталған тақырыптың маңыздылығын және мектеп тәжірибесін білім беру мазмұнын жаңарту контекстінде атап өтті.