Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің мектеп мұғалімдерімен атқарылатын іскерлік бағыттарының бірі - орнықты кәсіптік біліммен инновациялық ойлау және тәжірибе-бағдарлық, ізденушілік тәсіл арқылы нақты білім беру мәселелерін шешу болып табылады.
Осы мақсатта оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу бойынша жаттықтырушыларды дайындау үшін іс-әрекет ұйымдастыру ойындары ұйымдастырылды. Теориялық материалды оқып білетін қатысушылар, тәжірибеде 5 технологияны іске асырып, демалыс кезінде меңгереді, мектеп қауымдастығында апробациялап, жинаған мектеп материалдарының сараптамасына қатысады. Бүгінгі таңда қала мектептерінің мұғалімдері 84% оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды белсенді енгізуде.
Жаттықтырушы мектебінде қорытынды отырысында жыл сайын сынақ жүйесі ұйымдастырылады және тамыз педагогикалық оқуларда жаттықтырушыларға сертификаттар табысталады.
Жаттықтырушы мектебінің қорытынды отырысы № 24 мектепте өткізілді. 462 қатысушыдан өзінің тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізетін қалалық және мектеп деңгейінде өзінің тәжірибесін тарататын 18 мұғалімге қорғауға рұқсат етілді.
Мектеп деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесіне 6 үміткер, қала деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесіне 12 үміткер жаттықтырушы мәртебесін қорғап шықты.
Мектепте мұғалімнің инновациялық істерге дайын болуы, жеке дамуының қызығушылығы, кәсіптік құзыреттілікті шыңдайтын жаңа формаларын іздеу туралы мұғалімдердің пікірі іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарының құндылығын көрсетеді.