ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас лауреаттардың өнер көрсетуі
28-05-2018 10:50
Жас лауреаттардың өнер көрсетуі

М. Қатаев атындағы оқушылар сарайында 2018 жылғы 24 мамырда «Бүлдіршін» мектепке дейінгі балалар шығармашылық облыстық фестивалінің XIX гала-концерті өтті. Гала-концертте Павлодар қалассы 14 мектепке дейінгі мекемеден 14 балалар көркем ұжымы құрамында 140-тан аса балалар қатысты. Гала-концерт қатысушылары 2018 жылғы сәуірде өткізілген, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Рауан - 2018» мектепке дейінгі балалар шығармашылық фестивалінің лауреаттары мен жеңімпаздары болды.

Облыстық фестивалінің гала-концерт бағдарламасына 14 үздік жас павлодарлық лауреаттар нөмірлері қосылды. Хореографиялық қойылымдар  «Русские узоры» (№ 53 балабақша), «Ғасырлар үні» (№ 44 балабақша), «Дети войны» (детский сад № 35 балабақша), «Таранталла» (№ 122 балабақша), «Деревенский пляс» (№ 51 балабақша), «Маленькие звезды» (№ 27 балабақша), «Алақай» өлеңімен шықты (№ 24 мектепке дейінгі шағын-орталық), «Арманға сенемін» (№ 25 мектепке дейінгі шағын-орталық), «Хорошо на свете жить» (№ 96 балабақша), «Люблюка» (№ 23балабақша), «Спорт» (№ 120 балабақша), «Я пою!» (№ 2 балабақша), «Жираф и муравей» көркем оқу (№ 126 балабақша), «Кірқоймас» (№ 6 балабақша) ұсынылды.

Фестивальдің мақсаты - мектепке дейінгі жастағы балалардың эстетикалық тәрбиесі, жас дарынды анықтау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында өзіндік көркем дамуы бойынша жұмысты белсендіру.