Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қаланың балабақшаларындағы «detki.bezopasnost» ақпараттық жобасы
28-05-2018 11:06
Қаланың балабақшаларындағы «detki.bezopasnost» ақпараттық жобасы

Балаларды қорғау күні аясында 2018 жылдың 27 мамыр күні «Батырмол» СҮ-де «Балаларымыздың қауіпсіздігі біздің қолымызда» ұранымен «Қауіпсіз терезе» акциясы өтті. Аталмыш акцияға қаламыздың мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері қатысты.

Шараның мақсаты - баланың терезеден құлап қалу нәтижесіндегі оқыс жағдайларға және арнайы қауіпсіздік жүйесін орнату қажеттілігіне ата-аналардың назарын аудару.

Сонымен бірге, арнайы қауіпсіздік жүйесінің құрастырушылары «AziaHOME» ЖК директоры Талғат Ульджабайұлы Касанов пен «Строй-Дизайн PV» ЖШС компаниясының басшысы Балтабек Кибадатұлы Жанабаев арнайы құлыптар мен бекіткіштерді көрсетті. Көмек ретінде мердігерлер  Хазаевтар көп балалы отбасына аталмыш бекіткіштерді тегін орнатып берді. «Батырмол» СҮ өкілдері көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі 5 балаға ойын алаңына сертификат ұсынды.

21 - 27 мамыр күндері аралығында «Батырмол» СҮ ғимаратының қасбетінде  екі тілде бейнеролик көрсетілді.

Жалпы қала аумағында балалардың қамтылуы 17 мыңды құрайтын 85 мектепке дейінгі мемлекеттік мекемесі бар, олардың 11 мыңы екінші қабаттан жоғары орналасқан үйлерде тұрады, 4667 бала терезелердегі қауіпсіздік құрылғыларымен қамтылған, 4153 бала қауіпсіздік құралдарын орнатуды қажет етеді.