Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Үздік интерактивті сабақ» облыстық сайысының қорытындысы
29-05-2018 10:26
«Үздік интерактивті сабақ» облыстық сайысының қорытындысы

 

2018 жылдың 22 ақпаны мен 25 мамыр аралығында «Үздік интерактиивті сабақ» облыстық интернет сайысына облыс ұстаздарынан 135, оның ішінде Павлодар қаласы ұстаздарынан - 13 өтініш түсті. Сайыс ережесіне сәйкес іріктеу туры нәтижесінде 53 жұмыс қабылданып (Павлодар қаласы ұстаздарының 8 жұмысы), облыстық ақпараттық технологиялар орталығының сайтында 30 сәуір мен 11 мамыр аралығында пікірлер қалдыру үшін жарияланды.

Мақсаты - интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету.

Фестивалдің қорытыдысы бойынша жалпы білім беру мектептерінің 5 ұстазы жеңімпаз атанды.

«Жаратылыстану-математикалық пәндер» бағыты бойынша Павлодар қаласы № 37 ЖОМ информатика пәні мұғалімі Зарина Толегеновна Саметова III орын иегері атанды.

«Бастауыш сыныптардағы оқыту» бағыты бойынша II орынды Павлодар қаласы № 29 ЖОМ қазақ тілі пәні мұғалімі Алма Қазбекқызы Махметова, III орынды - Павлодар қаласы № 36 ЖОМ бастауыш сынып және информатика мұғалімдері Галина Владимировна Артемова, Екатерина Викторовна Садбекова иеленді болды.

«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша III орын Павлодар қаласы № 28 ЖОМ орыс тілі мұғалімі Алия Урумбаевна Жетписова алды.

Фестиваль облыстық білім беру ақпараттар технология орталығымен келесі - жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық пәндер, бейіндік оқыту, бастауыш сыныптардағы оқыту, әскери-патриоттық тәрбие және салауатты өмір салттары мен сабақтан тыс оқыту  бағыттар бойынша өткізілді.