![«Үздік интерактивті сабақ» облыстық сайысының қорытындысы](/media/img/blogs/5b0cd675bf477.jpg)
2018 жылдың 22 ақпаны мен 25 мамыр аралығында «Үздік интерактиивті сабақ» облыстық интернет сайысына облыс ұстаздарынан 135, оның ішінде Павлодар қаласы ұстаздарынан - 13 өтініш түсті. Сайыс ережесіне сәйкес іріктеу туры нәтижесінде 53 жұмыс қабылданып (Павлодар қаласы ұстаздарының 8 жұмысы), облыстық ақпараттық технологиялар орталығының сайтында 30 сәуір мен 11 мамыр аралығында пікірлер қалдыру үшін жарияланды.
Мақсаты - интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету.
Фестивалдің қорытыдысы бойынша жалпы білім беру мектептерінің 5 ұстазы жеңімпаз атанды.
«Жаратылыстану-математикалық пәндер» бағыты бойынша Павлодар қаласы № 37 ЖОМ информатика пәні мұғалімі Зарина Толегеновна Саметова III орын иегері атанды.
«Бастауыш сыныптардағы оқыту» бағыты бойынша II орынды Павлодар қаласы № 29 ЖОМ қазақ тілі пәні мұғалімі Алма Қазбекқызы Махметова, III орынды - Павлодар қаласы № 36 ЖОМ бастауыш сынып және информатика мұғалімдері Галина Владимировна Артемова, Екатерина Викторовна Садбекова иеленді болды.
«Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша III орын Павлодар қаласы № 28 ЖОМ орыс тілі мұғалімі Алия Урумбаевна Жетписова алды.
Фестиваль облыстық білім беру ақпараттар технология орталығымен келесі - жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық пәндер, бейіндік оқыту, бастауыш сыныптардағы оқыту, әскери-патриоттық тәрбие және салауатты өмір салттары мен сабақтан тыс оқыту бағыттар бойынша өткізілді.