Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балабақшаларда тамақтану мәселелері бойынша ата-аналар конференциясы
29-05-2018 12:00
Балабақшаларда тамақтану мәселелері бойынша ата-аналар конференциясы

Павлодар қаласы білім беру бөлімі 2018 жылғы № 96 балабақшада ата-аналар конференциясы өтті. Мақсаты - аталмыш іс-шара балабақшада тамақтануды ұйымдастыру мәселесі бойынша ата-аналар арасында түсіндіру жұмысын қамтамасыз ету.

Балабақшаның басты міндеттерінің бірі - әр баланың өмірі мен денсаулығын сақтау құқығын қамтамасыз ету. Ұтымды тамақтанусыз балалардың денсаулығын сақтау мүмкін емес, ол балалардың үйлесімді өсуінің, дене және жүйке-психикалық дамуының, инфекциялар мен сыртқы ортаның басқа да жағымсыз факторларының әсеріне тұрақтылығының қажетті шарты болып табылады.

Кездесуде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау басшысы А. Д. Джукебаева  «Балабақшада тамақтану жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында техникалық регламенттердің сақталуы бойынша сөз сөйледі.  Педиатр дәрігер Л. А. Тимошевская бала ағзасы үшін ұтымды тамақтанудың мәніне түсініктеме берді.  № 22 балабақшаның диетбикесі Н. В. Шерстюк және № 96 балабақшаның басшысы ас әзірлейтін бөлмедегі технолгиялық процестердің бірізділігін қамтамасыз ету мен тамақтануды ұйымдастыруды әкімшілік тарапынан бақылау бойынша бейнероликті ұсынды.

Қатысушылар балабақша асханасында дайындалған тағамдардың дәмін тата алды. Ата-аналарға осы мәселе бойынша технологиялық карталар, құжаттама көрсетілді.