ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау
30-05-2018 15:28
Интеллектуалдық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау

Павлодарлық оқушылар жалпы білім беру пәндері бойынша облыстық және республикалық олимпиадаларда жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов оқушылардың жетістіктерін жыл сайын атап өтеді.

2018 жылғы 30 мамырда «Ақ Отау» мейрамханасында 2017 - 2018 оқу жылындағы оқушылардың республикалық және облыстық олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған «Сарыарқа жұлдыздары - 2018» салтанатты іс-шарасы өтті.

Салтанатты рәсімде жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде Павлодар қаласының құрама командасы 2017 жылға қарағанда 11 орынға артық 45 жүлделі орынға ие болғаны жайлыайтылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің арасында 9 - алтын, 9 - күміс, 27 қола медаль иегерлері.

Республикалық пән олимпиадасында қаланың 9 қатысушысынан - 7 оқушы алтын, күміс және 4 қола медальдарына, 1 оқушы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің грантына ие болып,жүлде қорын молайтты. 2017 - 2018 оқу жылы барысында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша республкалық олимпаданың қорытындысы негізінде экологиялық бағытындағы № 36 орта мектебі Қазақстанның үздік 100 мектеп ондығына кірді.

Оқу жылының қорытындысы бойынша интеллектуалдық сайыстардағы жетістіктері үшін Павлодар қаласы әкімінен оқушыларға алғыс хаттар,  «Сарыарқа жұлдызы» белгісі және бағалы сыйлық - ноутбук берілді. Республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған 7 мұғалімге жоғары кәсіби еңбегі үшін қала әкімінің алғыс хаттары мен атаулы белгілері табысталды. Жерорта теңізі жағалауында демалу үшін жолдамамен дарынды педагогтер мен тәлімгерлер  марапатталды - № 39 мектебінің неміс тілі мұғалімі Татьяна Рафхатовна Мокроусова, оқушылары жыл сайын республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болады, № 37 мектебінің тарих мұғалімі Әлия Егімбайқызы Қасымжанова, оқушылары республикалық олмпадасында тарих пен құқық негіздері пәндері бойынша екі қола медальдарының иегерлері.

Кездесудеқала мектеп оқушыларының жетістіктері туралы бейнефильм көрсетілді, іс-шара қуанышқа толы өтті.