ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар шеруі - бақытты балалық шақ
01-06-2018 12:58
Балалар шеруі - бақытты балалық шақ

Халықаралық балаларды қорғау күнін өткізу бағдарламасы аясында қаламызда екінші жыл қатарынан ең жарқын және есте қаларлықтай көрініс болған балалар шеруі  - бақытты балалық шақ мерекесі өткізіледі.

Кең ауқымды акцияның мақсаты - мектеп оқушыларының мерекелік, далалы-фестивальді шерулерін қолдау және дамыту, балалардың музыкалық мәдениеті деңгейін көтеру.

Шерудің міндеті балалар мен жастардың музыкалық мәдениеті деңгейін көтеру ғана емес, сонымен қатар өзінің білім беру ұйымына деген мақтанышын қалыптастыру, қаланың оқу орындары беделін көтеру және жарнамалау.

Балалар мен жастар музыкалық оркестрлары және ансамбльдерінің салтанатты шеруіне қала мектептерінен 1000-нан аса мектеп оқушылары - дабылшылар топтары, мажоретка, демеушілер топтарының мүшелері, бишілер ұжымы  қатысты.

Сонымен қатар, іс-шара аясында Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелері бүлдіршіндерінің қатысуымен «Рауан - 2018» қалалық балалар шығармашылық  фестивалі жеңімпаздарының гала-концерті өтті.

Жоғары Жағалауда Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептері оқушыларының қатысуымен робототехника көрмесі, балалар техникалық мектебінің шығармашылық жұмыстары көрмесі ұйымдастырылды.

Орталық мәдениет және демалыс паркінде қала мектептерінен 500-дей оқушылардың қатысуымен байқаулар, ойындар, ойын-сауық іс-шаралары өткізілді.

1 маусым күні 15000-нан аса балалар қатысты.

Жазғы маусым барысында дәстүрлі түрде барлық жалпы орта білім беру мектептерінде 1 маусымда күніне 3 рет тамақтанумен күндізгі мектеп жанындағы лагерь ашылды. Мектеп жанындағы лагерьде балалар бос уақытын өткізетін және демалатын ойын бөлмелері мен жатын бөлмелері бар.

Бұл күні мектеп жанындағы лагерьлерде спорттық ойындар, мәдени және сауықтыру іс-шаралары, экологиялық ойындар, викториналар өткізілді.

Алда балаларда жазғы демалыс. «Жаз - 2018» жобасы аясында  «Балаға мейірімді жаз!» қалалық бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарлама 36 мың оқушыларды немесе 1 - 10 сынып оқушыларының жалпы санынан  100 %, соның ішінде девиантты мінез-құлықты оқушылардың  100 % бос уақытын және демалысын қамти алады. 

Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша қаланың 12 қосымша білім беру мекемелері және 17 аула клубтары жұмыс істейді. Бұл мекемелерде жыл сайын 30000-нан аса балалардың бос уақыты қамтылған. Қосымша білім беру мекемелері өздірінің жобалары аясында музыкалық, техникалық, сурет,  лингвистикалық  профильдік лагерьлер, әр түрлі экскурсиялар, спорттық сайыстарды ұсынады.