Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
VIІІ халықаралық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
04-06-2018 15:44
VIІІ халықаралық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы

 

Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша павлодарлық оқушылар 25 орын алды, оның ішінде Павлодар қаласының № 39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ищимцева Екатерина жаратылыстану-ғылыми бағытта III дәрежелі диплом иегері болды.

Катя қалалық жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпазы, географиядан облыстық пәндік жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегері (2017 жыл), географиядан қалалық пәндік олимпиада жеңімпазы (2018 жыл) болып табылады. Бұл Екатеринаның халықаралық деңгейдегі алғашқы жеңісі, бұл жеңіске мұғалімі Әсия Камалиденовна Жұмабаевамен бірге қажымас еңбегінің арқасында жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді.

Олимпиада 2018 жылы 27 - 30 мамыр аралығында Павлодар облысы Баянауыл кентінде өтті, жас зияткерлер химия, география, биология, физика, математика және информатика пәндері бойынша білім сайысына түсті. Олимпиада атақты ғалым, ғылым ұйымдастырушысы, ғылым академиясының алғашқы Президенті Қаныш Имантайұлы Сатпаевтың атымен аталған.

Барлығы 39 команда құрамында Астана мен Алматыдан 244 оқушы, республикалық білім беру ұйымдарынан, Назарбаева Зияткерлік мектептерінен, Ресей Федерациясынан Новосібір мен Саха (Якутия) Республикасы, сонымен қатар алғаш рет Петропавл, Атырау, Ақтөбе қалаларынан оқушылар қатысты.