ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған қала мектептеріндегі шаралар
05-06-2018 12:47
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған қала мектептеріндегі шаралар

Павлодар қаласының барлық білім беру мектептерінде 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара салтанатты түрде басталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалғаннан кейін білім беру ұйымдарының басшылары мемлекеттік рәміздер мемлекеттің берік негіздерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Іс-шараның  екінші бөлігінде бастауыш мектеп оқушылары арасында «Сіз мемлекеттік рәміздер білесің бе?» викторина өткізілді, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінен жақсы білімдерін  көрсеткендері үшін бастауыш және орта буын сыныптарының оқушылары  дипломдармен марапатталды. «Менің Отаным - Қазақстан» суреттер конкурсының ең үздіктері мектеп кітапханаларында көрмеге  қойылды.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» мектептер базасында бейне фильм көрсету  ұйымдастырылды.

Шараға 15 мың оқушылар мен қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.