ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» науқаны жалғастырылуда
07-06-2018 10:20
«Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрестің 12 күні» науқаны жалғастырылуда

Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күніне 12 күн» акциясы басталды, акцияға Павлодар қаласының білім беру мекемелері, мектептері қатысады, бұл  акцияның негізгі мақсаты балалар еңбегін оның барлық көріністерінде пайдалануына жол бермеу болып табылады.

Акция кезеңінде барлық мектептерде дөңгелек үстелдер, кездесулер, конференциялар, флэш-мобтар, конкурстар өткізіледі, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін ұйымдар үшін күнделікті рейд ұйымдастырылады.

№13 мектепте «Балалар еңбегіне жол жоқ» асфальтқа сүрет салу  байқауы өткізілді. Іс-шара туралы ақпарат желілік инстаграмда жарияланды.

№ 26 ЖОМ «Балалық шақ әлемі» мерекелік ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. «Айгөлек» мектеп лагерінің тәлімгері Г.Т. Абылхаирова бала еңбегінің мәселелерін айқындау, бала еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселелері бойынша қоғамның ақпараттандырылуын арттыру, барлық елдерде болып жатқан бала еңбегінің ең жаман формаларына тыйым салу қозғалысына көңіл бөлу мақсатымен, «Бала еңбегі - ащы шындық» тақырыбына радиода сөз сөйледі.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінде күрделі мәселелер бойынша сенім телефоны 20-91-70 жұмыс істейді.

Науқан әлеуметтік желілерде кеңінен таралуда - білім беру бөлімі сайтында, Facebook, Instagramда.

Мұғалімдер патрулімен «Караван» базарын, Диспетчерский шағын ауданын, мектеп аймағының шағын ауданын патрульдеу күнделікті жүзеге асырылады.