2018 жылдың 20 - 21 маусым күндері № 19 ЖОМ 5 - 6 жастағы балалар арасында шағын футбол бойынша турнир өтті. Жарыстар білім беру бөлімімен және «Достар» футбол клубының қолдауымен балаларды спортқа баулу, мектеп жасына дейінгі балалардың арасында футболмен айналысуға насихаттау мақсатымен өткізілді.
Жарыстар футболдың әлем чемпионатына орай ұштастырылып екі кезеңде өтті. Іріктеу турында № 7, 23, 86, 111, 112, 104 балабақшаларының 6 командасы жартылай финалға шығу үшін жарысты.
Екінші кезеңде турнирдің жеңімпаз кубогы үшін финалдық ойында № 7, 23, 86, 104 балабақшаларының командалары жарысты.
Финалдық ойынның қорытындысы бойынша І орынды № 86 балабақшаның командасы иеленіп кубокпен және «Достар» футбол клубының мақтау қағазымен марапатталды. ІІ орын № 7 балабақшаның, ІІІ орын № 104 балабақшаның командалары иеленді. Турнир жүлдегерлері тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Турнирдің төрешісі футбол бойынша спорт шеберлігінің кандидаты Алексей Александрович Михайлюк.