ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының сауда үйлерінде қайырымдылық шаралары жүргізілуде
22-08-2018 23:57
Павлодар қаласының сауда үйлерінде қайырымдылық шаралары жүргізілуде

 

Жыл сайынғы өтетін «Мектепке жол» республикалық акцияның қарсаңында 2018 жылдың 22 тамызында «Манақбай», «Квазар» сауда үйлерінде мектеп құралдарын жинау үшін қайырымдылық жәшіктері орнатылды.

«Мектепке жол» қайырымдылық акцияның негізгі мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларымен жетім,  ата-ананың қамқорынсыз  қалған балаларға қаржылай және материалдық көмек көрсету.

«Манақбай» сауда үйінің кәсіпкерлері бұл акцияға өз үлестерін қосты. Олар «Мектепке жол» логотипімен орнатылған қайырымдылық  жәшігіне балаларға арналған киім-кешек, аяқ киімдер және мектеп құралдарын салды.

         Осы акциядан  жиналған киім-кешектер Жетекші, Павлодар, Кенжекөл ауыларымен Ленин кентінің балаларына таратылады, - деп  тәмәмдәді  өз сөзін білім беру бөлімінің бас маманы Сағындық Сембайұлы.