ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы педагог жұмыскерлерінің тамыз кеңесі
24-08-2018 17:14
Павлодар қаласы педагог жұмыскерлерінің тамыз кеңесі

Павлодар қаласы педагог жұмыскерлерінің тамыз кеңесі Павлодар қаласының әкімі Ануар Кумпекеевтің қатысуымен 2018 жылғы 24 тамызда Естай атындағы ҚМС өтті. Конференцияның тақырыбы «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы адами капитал».

Конференцияға жалпы орта мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың, мектептен тыс мекемелердің 800 педагогтары, педагогикалық еңбек ардагерлері, меценаттар, қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП өкілдері қатысты.

         Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Шаяхметқызы Қадырбаева «Елбасы Н. Ә. Назарбаевтің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауының тұрғысында «Қаланың білім беру жүйесін дамыту жағдайлары мен болашағы» тақырыбында баяндама оқыды.

         Пікірталастарда көп тілде оқытуды енгізу, мемлекеттік тілді іске асыру, жаңғырту жағдайында қосымша білім берудің мазмұнын жаңарту бойынша өзекті мәселелер талқыланады.

         Конференцияда ең үздік педагогтарға салтанатты құрмет көрсету рәсімі өтті.

         Павлодар қаласы білім беру жүйесінің жұмыскерлері жоғары шеберлігі үшін марапатталды:

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасы:

Шынар Бакибайқызы Асаинова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы, Петрица Надежда Геннадьевна, экологиялық бағыттағы № 36 жалпы орта мектебінің орыс тілі мұғалімі, Жанмарал Какауқызы Махметова, № 51 сәбилер бақшасының басшысы, Веневитина Тамара Борисовна, № 21 жалпы орта мектебінің директоры, Жанузақ Корабайұлы Балкенов, № 25 жалпы орта мектебінің директоры, Шевчук Павел Павлович, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының қосымша білім беру педагогі, Қуаныш Төлегенұлы Қыдралин, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жалпы орта білім беру секторының меңгерушісі.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен:

Никитина Елена Александровна, № 4 сәбилер бақшасының хореографы, Ляйля Бажқызы Жүсіпова, № 37 жалпы орта мектебінің директоры, Овчинникова Наталья Николаевна, № 115 сәбилер бақшасының басшысы, Азамат Боранбайұлы Шаймурат, «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дамыту орталығының басшысы, Гульнар Туяққызы Топанова, № 20 мектеп-лицейінің директоры, Мигунова Татьяна Алексеевна, №16 мектеп-лицейінің директоры, Мұрат Бакенұлы Асаинов, № 35 жалпы орта мектебінің директоры.

Облыстық мәслихаттың алғыс хатымен:

Жанабай Қайырбекұлы Абенов, Кенжекөл жалпы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі, Ербол Ризаевич Айткулов, К.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғырту мектебі, Зауреш Дауленқызы Ахмадова, № 36 жалпы орта мектебінің директоры, Коцур Елена Геннадьевна, № 121 сәбилер бақшасының басшысы, Айгуль Кайыртасқызы Маликова, №17 жалпы орта мектебінің директоры.

Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен:

Щербакова Любовь Анатольевна, № 26 жалпы орта мектебінің директоры, Айнұр Тілегенқызы Бекбаева, № 19 жалпы орта мектебінің директоры, Алексейцева Галина Юрьевна, № 116 сәбилер бақшасының басшысы, Гаухар Сағындыкқызы Жұмашева, № 104 сәбилер бақшасының басшысы, Лаура Мендоллаевна Адильбаева, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері.

Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен:

Руслан Борисович Ильясов, балалар техникалық мектебінің педагогі, Городничева Светлана Викторовна, № 84 сәбилер бақшасының басшысы, Гүлбаршын Қалкаманқызы Алтыбасарова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы, Ляйля Мукарамовна Магзамова, № 1 балалар көркем сурет мектебінің басшысы, Анар Еркинқызы Солтанбекова, №  41 жалпы орта мектебінің директоры.

2017 - 2018 оқу жылының қортындыларына сәйкес білім беру қызметтерінің сапасы бойынша оқу-тәрбиелеу процессін ұйымдастырудағы жоғары рейтингтік көрсеткіштері үшін марапаттау:

15 миллион теңге көлеміндегі сертификат: № 35 ЖОМ, № 51 бала бақша.

Білім беру жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқандары үшін 3 ардагер-педагогтардың аты «Алтын есімдер кітабына» енгізіледі: Геннадий Федорович Балаганский, № 3 балалар музыкалық мектебінің директоры, Ерсаин Қайырбайұлы Шуғабаев, № 2 оқу-өндірістік комбинатының басшысы, Людмила Антоновна Алейник, білім беру жүйесінде 40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеді.

Конференция мерекелік концертпен аяқталды.