ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектепке жол» акциясына қатысу
27-08-2018 11:19
«Мектепке жол» акциясына қатысу

Павлодар қаласы  № 9 гимназия-мектебінде   «Мектепке жол» науқаны шеңберінде  «Баланы мектепке жинаймыз» қамкорлық марафоны өткізіледі .

 Ата-аналарға, меценаттарға, сауда үйлерінің директорларына, шағын аудан тұрғындарына жіберілген ақпарат хатқа бірінші болып үн қосқан «Ақ тұмар» ЖК директоры Мұртазина Шолпан Қадырқызы. Мекеме бастығы он оқушыға жалпы 150000 тенгеге мектеп формасын сатып алуға  көмек көрсетті, «Үмит ұзбеу» ОҚ - Омарова Гаухар Бакиевна, «Павлодар Мейірімділер клубы» ОҚ бастауыш сыныптардың 30 оқушысын кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.

«Балалардың ата-аналары  демеушілік көмек үшін алғыстарын білдірді, осындай мейірімділік пен қамқорлық сабақтары балалардың мейірімді және қайырымды  адам болып өсуіне ықпал етеді», - дейді мектеп бастығының орынбасары Айгүл Мүкарамқызы Анапиянова.