ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлкемнің көркемдігі
29-08-2018 10:33
Туған өлкемнің көркемдігі

Павлодар қаласының № 2 балалар көркемсурет мектебінің оқушылары  Клайпеда Литва қаласында ХV «Славян бұлағы» халықаралық балалар байқауына қатысты.

Европа, Америка, Азиядан 5 - 18 жастағы балалардың 240-тан астамы, оған қоса Павлодар мектептерінің 18 оқушысы туған жердің тарихы, мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлері туралы, сондай-ақ өз еліне, туған өлке табиғатына арналған образдар ретінде суреттерді ұсынды.

Әділ-қазы мүшелері жеңімпаздарды анықтау үшін бес мыңнан астам жұмыстарды қарастырды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақстаннан 7 оқушы, оның ішінде Павлодар мектептерінен 4 оқушы жүлдегер атанды.

«Туған өлкемнің көркемдігі» номинациясы бойынша Арина Барт 7 жас, «Қыс» суреті үшін (педагог Наталья Васильевна Герусова), Айзия Танжарыкқа 7 жас «Үкі» суреті үшін (педагог Жанар ЕржановнаШайкенова) дипломдары табысталды. Томирис Кудайберген 9 жас «Рождество» суреті (педагог Ольга Ивановна Ловина), Диана Аштаева 7 жас «Туған жазық далам» (педагог Наталья Васильевна Герусова) мадақтау дипломдарымен марапатталды.

Оқушылар «гуашь» техникасымен жұмыс істеді, яғни түрлі-түсті бояуларды араластыру арқылы басқа түс шығарады.

Жеңімпаздардың жұмыстары бойынша Пранаса Доминайтиса галереясында Клайпедск картинасының  ашық көрмесі ұйымдастырды. «Славян бұлағы» байқауы ұйымдастырушылары  түсінігі бойынша - әр халықтың мәдениетін тұтастыратын бұлағы болып табылады.