ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері оқушыларды қарсы алуға дайын
01-09-2018 13:50
Қала мектептері оқушыларды қарсы алуға дайын

Павлодар қаласының барлық мектептерінде алғашқы қоңырау 2018 жылдың 1 қыркүйегінде соғылды. Білім күні дістүрге сай салтанатты лездемемен бастау алды. Мерекелік шараға педагог ардагерлер, қалалық маслихат депутаттары, «Нұр Отан» ҰДП өкілдері, меценаттар, жетістікке жеткен түлектер қатысты.

№ 37 ЖОМ-ның салтанатты іс-шарасына қала әкімі Әнуар Кумпекеев қатысты.

Қала мектептері жаңа оқу жылына толығымен дайын.

2018 жылы білім жүйесін дамытуға бюджеттен 1974,2 млн. теңге қаражат бөлінді, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,6 көп.

Қалада апаттық мектептер, үш ауысымдық жүйе жоқ. 34 мекемеге күрделі жөндеу жасалды, 17 мектепте жаңа модификациялы кабинеттер ашылды, 27 мектептің компьютерлік паркі толықты, 38 мектепке мультимедиялық құрылғылар алынып, 2 мектеп автобуспен қамтылса,   Ленин кентіндегі №31 мектепте биомасса негізінде от жағу котольнясы құрылды.

Қала мектептеріндегі оқушылар саны былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 1800 оқушыға өсіп, 40,0 мыңға жетті.

Оқулықпен қамту жыл сайын 100% құрайды.

Білім мазмұның жаңарту аясында 3, 6, 8 сыныптарға оқулықтар, 1, 2, 3 сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптерлер, 8 - 9 сыныптарда көптілділікті енгізу үшін ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық циклдегі пәндер бойынша оқулықтар, мектепалды дайындық үшін оқу-әдістемелік кешен, кітапхана қорын толықтыру үшін мемлекеттік тілдегі көркем әдебиет  алынды. Бөлінген бюджеттік сома  - 538,9 млн. теңге (2017 жылы - 488,0).

Көптілділік бойынша эксперименттік оқытуға қаланың 32 мектебінен 4 мыңға жуық оқушы (2017 жылы - 23 мектеп, 1749 оқушы ) ауысты. Экспериментте 8-11 сынып оқушылары химия, физика, биология мен информатика пәндерін ағылшын тілін қолданып оқиды.  Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін ағылшын тілінде оқулықтар басылды, ағылшын тілінде оқытуға құқықтары бар арнайы курстан өтіп, сертификат алған мұғалімдерге оқу жүктемесіне сәйкес 35,0 мың теңге көлемінде ай сайынғы қосымша төлем жүргізіледі.

2020 жылы жүзеге асырылатын қазақ тілін латын графикасына көшіруге дайындық мақсатында мемлекеттік тілдегі 9 мектептің (№ 1, 2, 7, 12, 19, 22, 25, 35, 37) 5-ші сыныптарында латын графикасындағы әліппиді қолдану бойынша факультатив енгізілген.  Бұл жобаға 200 оқушы және 9 мұғалім қатысады. Олар үшін курс бағдарламасы, жаңа оқу-әдістемелік қосымшалар қолданылады. 

5 мыңнан аса педагогтар өздерінің еңбек жолдарын қаланың білім беру мекемелерінде, оның 3 мыңға жуығы мектепте жалғастыруда. Білім мазмұның жаңарту аясында 682 педагог қайта даярлық және біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Қала мектептеріндегі педагог кадрлармен қамтылу 100% құрайды.