2018 жылғы 20 қыркүйекте Павлодар қаласының барлық орта білім беру мектептерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен Елорданың 20 жылдығына арналған «Астана - бейбітшілік бесігі» жалпықазақстандық ашық диктанты өткізілді. Мақсаты - мемлекеттік тілді білуге қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Ашық диктант мәтіні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бекітілген болатын. Ашық диктант қатысушыларының сауатты жазуын тексеру бойынша комиссия құрамына жоғары оқу орындарыныңаға оқытушылары, Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» АҚ мамандары, мектеп әкімшілігі кірді.Ашық диктантты оқу қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне жүктелді.
Диктантқа қала мектептерінен 5 - 11 сынып оқушылары арасынан 7884 оқушы қатысты. Диктант нәтижелері оқушылардың қазақ тілінен жоғарысауаттыбілім деңгейлерін көрсетті. Оқушылардың 74,3% диктантты «жақсы» және «өте жақсы» бағаларына жазды.
«Мектеп оқушылары диктантқа белсенді қатысуларымен өз еліне, жеріне сүйіспеншіліктерін көрсетіп, мемлекеттік тілді құрметтеп және оны білуге қызығушылықтарын білдірді», - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Азанбаева Нұргүл Шалабайқызы.