ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Үздік жыл тәрбиешілері
26-09-2018 07:36
Үздік жыл тәрбиешілері

 

2018 жылғы қыркүйек айының 14 - 25 аралығында білім беру бөлімімен № 29 сәбилер бақшасында «Жыл тәрбиешісі» конкурсы өткізілді. Конкурстың мақсаты мектептке дейінгі мекемелердің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарын анықтау және қолдау көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту тәжірибесіндегі инновациялық қызметін ынталандыру және мадақтау болып табылады.

Конкурсқа қаланың 23 мектепке дейінгі мекемелерінен 23 педагогтар қатысты. Конкурс екі кезеңде өтті.

14 қыркүйекте I іріктеу турының шеңберінде «Педагогикалық ұстанымын қорғау» конкурс қатысушылары кәсіптік қызмет деңгейінің бағасын беру мақсатында өз жұмыс тәжірибелерін ұсынды. Іріктеу турының қортындысы бойынша финалға келесідей сәбилер бақшаларының тәрбиешілері өтті: № 3 Исабаева Юлия Владимировна, № 6 Жумагожина Жанаргуль Нурлановна, № 8 Сырымбаева Макпал Егеубаевна, № 10 Бекбатырова Айман Амангельдиновна, № 27 Калиакбарова Анастасия Сергеевна, № 46 Ермекбаева Анэль Ахатовна, № 48 Тулебаева Гульнур Ержановна, № 51 Манахова Анастасия Сергеевна, № 85 Бекбатырова Айман Амангельдиновна, № 120 Жакина Анель Амановна.

24 - 25 қыркүйекте II финалдық турда қатысушылар бейтаныс (таныс емес) топта оқу процессін ұйымдастырудағы кәсіптік құзыреттілігін бағасын беру мақсатында шебер-сыныптар - ашық сабақтар өткізді. Жас мөлшері және қызметінің формасы конкурқа қатысушылар таңдауы бойынша.

Конкурста сәбилер бақшаларының 10 тәрбиешісі педагогикалық технологияны пайдалану, балалардың көңілін өзіне аударту және олармен байланыс орнату дағдыларымен бөлісті, өз жұмыстарының жүйлерімен таныстырды, іске асырылған жобаның негізгі идеясы мен оның нәтижелерін көрсетті.

Конкурс қортындысы бойынша жеңімпаздар, Мұғалімдер күні мерекесіне арналған, салтанатты шарада «Шоқ жұлдызы», «Шеберлік шыңдарына», «Надежда» номинацияларында дипломдармен марапатталады.