Ұстаздар күні қарсаңында Павлодар қалалық білім беру бөлімі басшысының м. а. Г. В. Әлкенованың қатысуымен педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында қонақтарға Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының оқу-материалдық базасы ұсынылды. Экологиялық- ботаникалық бағы бойынша шолу экскурсиялары жүргізілді. Білім беру бөлімі басшысының м. а. Г. В. Әлкенова өз сөзінде ардагерлерге қала мектептерінің материалдық-техникалық базасының дамуы, мектептерде спорт кешендерінің ашылуы, жаңа стандарттардың іске асырылуы және білім берудің жаңартылған мазмұны туралы ақпарат берді.
Қонақтарға № 30 ЖОМ, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы, Кенжекөл ауылы және № 3 балалар музыкалық мектептерінің ұстаздары дайындаған музыкалық бағдарлама ұсынылды.
Педагогикалық еңбек ардагерлері кездесу барысында алған жетістіктер, білім берудегі жаңа еңгізілімдері туралы ақпараты, қалалық білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлестері үшін ұстаздарға алғыстарын білдірді.