Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту балалардың дарындылығын дамыту» 2018 жылы 4 қазанда № 7 ЖОМ лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға қаланың 23 жалпы білім беру мектептерінен 10 - 11 сыныптың 43 оқушысы қатысты.
Олимпиада мақсаты-қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету, дарынды оқушыларды қолдау және дамыту.
Олимпиада қатысушылары тектес тілдердің салыстырмалы грамматикасы, аудару, сөздердің мәнін түсіндіру біліміне тапсырмалар орындады.
Олимпиада қорытындысы бойынша 7 оқушы (№ 16 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Мельник София, № 20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Акчурина Мария, 11 сынып оқушысы Жұмабек Анель, Морец Таисия, 10 сынып оқушысы, №42 ЖОМ 11 сынып оқушысы Лихота Анастасия, № 9 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Гутков Владислав, № 17 ЖОМ 11 сынып оқушысы Ряснянская Светлана) қазан айында республикалық олимпиаданың облыстық турына қатысады.