Педагог кадрлардың аттестациясы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті қала мектептеріне әдістемелік күндерді ұйымдастырды.
Басты мақсаты - педагогтардың кәсіби құзыреттілігіне баға беру, жалпылау мен бөлісу мақсатында педагогикалық тәжірибені зерттеу.
Әдістемелік күн барысында мұғалім-сарапшы, мұғалім-зерттеуші, мұғалім-шебер кәсіби санаттарын алуға үмітті педагогтар ашық сабақ беріп, білім мазмұның жаңарту мен оқыту технологияларын енгізу бойынша тәжірибелерімен бөліседі.
Аттестацияның І кезеңі ұлттық біліктілік тестілеуінен қала мектептерінің 648 педагогі өтеді деп жоспарлануда, сонымен бірге 130 педагог-шебер, 125 - педагог-сарапшы, 382 - педагог-зерттеуші, 11- педагог-шебер.
Педагогтардың жалпы санынан 442-сі жоспарлы, 206 - мерзімінен бұрын аттестациядан өтуде.