2018 жылдың 22 қазанда сағат 14.00-де № 21 ЖОМ (Камзин көш, 346) Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен» қаланың жалпы білім беру мектептерінің 5 - 11 сынып оқушылары арасында «Мағжан оқулары» байқауы өткізіледі.
Оқудың мақсаты - дарынды балалар шығармашылығын дамыту және қолдау, ақын шығармашылығының оқушылары арасында насихаттау.
«Мағжан оқулары» 3 бағыт бойынша өткізіледі:
«Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - жас оқырмандар байқауы. Қатысушы өзі жатқа білетін шығармалардың тізімін конкурс басталғанға дейін ұсынуы қажет.
«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас ақындар байқауы. Өз шығармаларын орындау.
«Толқынмен толқын сырласып» - шығармашылық жұмыс.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. І дәрежелі диплом иегерлері қазан айындда өтетін облыстық кезеңде қатысады.
Тел. 322343
Отдел образования г. Павлодара
Қалалық Мағжан оқулары туралы