Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
23-10-2018 17:22
Республикалық лингвистикалық олимпиаданың  облыстық кезеңінің қорытындысы

      Республикалық лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша № 16 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Мельник София ІІ дәрежелі дипломды иеленді. Білім беру басқармасының құрмет грамоталарымен № 20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Акчурина Мария, № 42 жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Морец Таисия марапатталды.

     София бастауыш сыныптан бастап түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысады, тілдерді үйренумен айналысады. Ол «The world scholar’s cup» ағылшын тілі пәнінен халықаралық байқаудың жеңімпазы және дебаттар бойынша жеке біріншілік кубогының иегері, «Туған жерім - алтын бесігім» республикалық суреттер байқауының жеңімпазы, XVIII Сатпаев оқуларының жеңімпазы, көптілдік облыстық олимпиадасының жүлдегері (2017 жыл), Алматы қаласындағы республикалық ғылыми жоба байқауының жеңімпазы (2018 жыл).

      Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты негізінде 2018 жылдың 19 қазан күні республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға аудандық, қалалық кезеңінің 9-11 сынып оқушыларының 46 жүлдегерлері қатысты.

    Олимпиада мақсаты-қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету, дарынды оқушыларды қолдау және дамыту.
Олимпиада қатысушылары тектес тілдердің салыстырмалы грамматикасын аудару, сөздердің мәнін түсіндіру, біліміне тапсырмалар орындады.