ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Латын қарпі бойынша ашық сабақ
26-10-2018 13:31
Латын  қарпі  бойынша  ашық  сабақ

          Латын қарпі бойынша облыстық ЖШС «Ана тілі» орталығында 2018 жылдың 25 тамыз күні «Отбасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: латын қарпін тани отырып, латынша жазу және оқу дағдыларын меңгерту.

         Сабақты 5-сынып оқушыларымен Бауыржан Момышұлы № 22 жалпы орта білім беру мектебінің сертификатталған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Амангельдиновна Мыңғышева өткізді. Мұғалім сабақ үрдісінде оқытудың тәсілдерін, сабақтың кезеңдерін тиімді қолдана отыра, уақытты да үнемдей алды, жұптық және топтық жұмыс түрлерін, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын түрлі замануи белсенді әдіс-тәсілдерді де ұтымды пайдалана алды. Оқушылар «Батл», «Сөздерден маржан теру» әдістері арқылы тапсырмаларды аса бір қызығушылықпен орындады, сөздермен жұмыс жасау кезінде өз пікірлерін ашық білдіріп, графикалық жазуды қолдануда жұмыстың ауызша және жазбаша түрінде креативті ойларын ортаға сала білді.

        Сабаққа облыстық ЖШС «Ана тілі» орталығында латын қарпі бойынша бір айлық біліктілік арттыру курсынан өткен қаланың 12 мектебінің мұғалімдері қатысты.

         Жаңа оқу жылында қаланың ( № 1, 2, 7, 12, 19, 22, 25, 35, 37, 11, 42 ЖОМ) латын қарпінен факультативтік сабақтар енгізілді. Курстың қорытындысы мен бір-бірімен тәжірибе алмасу ретіндесертификатталған мұғалімдер латын қарпі бойынша ашық сабақтар өткізу жоспарланып отыр.