
2018 жылғы 2 қараша күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында педагогикалық процеске қатысушылардың санасын жаңғырту» тақырыбында қалалық жалпы орта білім беру мектептерінде және мектептен тыс мекемелерінде бірыңғай пелдагогикалық кеңесі өткізілді. Педагогикалық кеңестің мақсаты - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының негіздерін білу педагогикалық ұжымдардың бағдарламаның концептуалды негіздерін білу, ақпараттық кеңстіктерін кеңейту.
Педагогикалық кеңеске қалалық мектептепрің 3000 астам мұғалімдері қатысты.
№ 24 ЖОМ аталған шараға қала мектептерінің және мектептен тыс мекемелерінің 150 педагогтар шақырылды.
Педагогикалық кеңестің бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерінен құрастырылған. Бірінші бөлімінде № 24 орта мектептің директоры Нүргүл Шампатқызы Рахимгожина баяндама жасады. Педагогикалық кеңеске қатысушылардың арасынан 9 шығармашылық топ құрылып, жаңа жобалар әзірленді. Олар «Отбасы Teacher», «Ардагерлер мұрасы», «Бабалар ізімен» жобаларын топ мүшелеріне қорғады. Сарапшылар тобының құрамындағы білім беру саласындағы еңбек ардагерлері жоба нәтижесін шығарды.