Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Республикалық байқауда өткен шеберлік сабақтар
15-11-2018 09:08
Республикалық байқауда өткен шеберлік сабақтар

  Павлодар көркемсурет мұражайындағы «Алтын қазына» көркем және қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық байқауы қарсаңында, Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінің ұстазы, Ольга Ивановна Ловинаның авторлық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.

  Қазақстанның басқа да өңірлерінен жиналған 120 конкурсқа қатысушылардың назарына, көрмеде оникс, ақықтас, қазақстан туған жері болып келетін асыл тастар сияқты табиғи тастардан жасалған зергерлік әшекейлер, сонымен қатар қалқанды ыстық сыр техникасында орындалған өте қызықты панно көрсетілді.
Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, металдарды өңдейтін суретші Ольга Ивановна сайыстың қатысушыларына шеберлік сабақттар өткізуге лайықты деп танылды.

  «Шығыс кескіндемесі» атты шеберлік сабағында қатысушылар Шығыс мәдениетінің қазынасы «Иссада қыша астық» кескіндемесінің трактатымен танысты, осыдан, суретші-көркемдеп жазушының тушь, тушқа арналған тас, қылқалам және қағаз сияқты төрт қымбат заты бар екенін аңғарды. Оқушылардың өздері де қытайлық «Се-и» және жапондық «Суми-э» кескіндемесінің бағыты болып келетін (жер, от, су, ағаш, металл) бес ең басты қозғалысын қолданып көрді.

  Саяхат аяқталысымен, белсенділік танытқан қатысушылар шебермен суретке түсіп, әңгімелерін жалғастырды.