Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ
19-11-2018 00:03
Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ

   2018 жылғы 16 қарашада «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Павлодар қаласы № 32 жалпы негізгі білім беру мектебінде облыстық діни істер басқармасының басшысы Закириянов Дәулет Қоқанұлы, Павлодар қаласы Солтүстік ПБ полиция бастығы, полиция майоры Ахметов Сұлтан Сансызбайұлы, әйелдерге арналған облыстық оңалту орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Бельгибаева Фарида Шарапқызы, «Дағдарыс орталығы» сенім телефоны бар медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы Джаналинова Дина Жановна, қалалық білім беру бөлімі тәрбие бөлімінің бас маманы Шакенов Сағындық Сембайұлы және мектептің ата-аналар қауымдастығымен бірлесе отырып «Бақытты отбасы-бақытты бала» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен қорғау құқықтарын жүзеге асыру, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу.

  Дөңгелек үстел барысында балаларға қатысты зорлық-зомбылық, елдегі маңызды мәселе болып табылатын балалардың қауіпсіздігі туралы сұрақтар талқыланды. Мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметі балалар - ата-ана қатынастарын үйлестіріп, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету бойынша әр түрлі санаттағы отбасылармен мектептің жұмыс жүйесін ұсынды.

   «Балалар отбасында да, одан тыс жерлерде де зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық жыл сайын артып, панасыз және ата-анасының қадағалауынсыз қалатын балалар санының өсуіне әкеледі.Зорлық-зомбылықтың құрбандары көбінесе отбасының ең қорғалмаған мүшелері (әйел, бала, отбасының қарт мүшелері, мүгедектер)болып табылады. Жағдайдың 70% отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер әйелдер мен балалар болып табылады», -әйелдерге арналған облыстық оңалту орталығы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Бельгибаева Фарида Шарапқызы айтып берді.

   Дөңгелек үстел соңында семинарға қатысушыларға және белсенді ата-аналарға сертификаты тапсырылды.

 Аталмыш акция аясында кәмелетке толмағандар ісімен айналысатын инспекторлар мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып рейдтар жүргізді. Ювеналды полиция қызметкері Сүлейменов Руслан Шаймарданұлының қатысуымен мектепте «Отбасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста ата-аналар «Зорлықсыз тәрбие» бейне ролигін тамашалап, ата-аналар жауапкершілігі туралы заңнамамен танысты. Жиналыс соңында ата-аналарға «Зорлықсыз балалық шақ», «Ұрпақ тәрбиесі» атты жадынамалар таратылды, «Бақытты отбасы» фотокөрмесі, «Сенің құқығың» кітап көрмесі ұйымдастырылды.