Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Биология білгірлері
23-11-2018 13:42
Биология  білгірлері

   Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2018 жылы 22 қарашада №36 ЖОМ биология бойынша ауызша олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Қаланың жалпы білім беру мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты- биология бойынша талантты оқушыларды қолдау,облыстық деңгейдегі олимпиадаға қатысу.

  Олимпиадаға қаланың 37 мектебінен 67 оқушы қатысты. Өткен оқу жылмен салыстырғанда қатысушылар саны көбейді ( 20 - 67 оқушыға дейін), жеңімпаздар мен жүлдегерлер 2 есе көбейді. Қатысушыларға күрделі деңгейдегі тапсырмалар ұсынылды.

   Олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен №24 ЖОМ 7 сынып оқушысы Ананьев Илья, №34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Валентюкевич Ксения, №37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ермекова Ақбота марапатталды.

  ІІ дәрежелі дипломмен 7 сынып оқушылары Окташ Дария, Бейшеналиева Гүлжанат ( № 22 ЖОМ), Сарсембаева Акбота ( № 31ЖОМ), Қабыл Нұрдаулет ( № 33ЖОМ), Қойшыбай Айша (№ 37ЖОМ), №33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Жаманов Қанат марапатталды.

   ІІІ дәрежелі дипломмен 7 сынып оқушысы Бабушкина Мария ( № 9 ЖОМ), Хисматулин Данил ( № 13 ЖОМ), Балиева Әсем ( № 19 ЖОМ), Апушева Дина ( № 29 ЖОМ), Мусина Илана ( № 39 ЖОМ),8 сынып оқушысы Роор Алина ( № 16 ЖОМ), Журавлев Владислав ( № 18 ЖОМ), Зайченко Анна ( № 28 ЖОМ).

   Құрмет грамотасымен №11 ЖОМ 7 сынып оқушысы Малофеев Родион, № 25 ЖОМ 8 сынып оқушысы Қайролла Жасмин, № 36 ЖОМ 8 сынып оқушысы Хамова Диана, № 42 ЖОМ 8 сынып оқушысы Журавлев Вадим марапатталды.

 І орын алған оқушылар 2019 жылы ақпан айында жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер олимпиядалық резерв қалалық мектебінің құрамына енгізілді.