Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Менің Отаным - Қазақстан
27-11-2018 12:00
Менің Отаным - Қазақстан

2018 жылғы 26 қараша күні Павлодар қаласының Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында «Менің  Отаным - Қазақстан» оқушылардың XVІІІ аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы көлемінде «Біз және экология» секциясы өз жұмысын атқарды.

Секцияға Павлодар, Ақсу қалалары, Железин және Шарбақты аудандары жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелері  2 - 11 сыныптарының 33 оқушылары қатысты.

Секция жұмысы барысында аймақтық экологиялық мәселелердің шешілуіне қосылған тәжірибелік үлесін бейнелейтін, жанасқан аумақтарды көгалдандыру және жақсарту бойынша жұмыс тәжірибесінен баяндамалар, мектеп орманшылықтары, экологиялық жасақтарының жұмысы, табиғатты қорғау, экология, фенология, СӨС салаларындағы зерттеулер тыңдалып қаралды.

Секция қатысушыларының жұмыстарын А. М. Утилова - ИнЕУ Химиялық және биологиялық технологиялары Департаментінің аға оқытушысы, Б. Қ. Текенова - «Экология» бөлімінің меңгерушісі, Т. А. Әубашев, Ә. А. Бакенов - «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ қоршаған ортаны қорғау бойынша инженерлері құрамына енген құзыретті әділ қазылар алқасы бағалады.

Секцияға Павлодар қаласының № 1, 13, 17, 18, 25, 26, 27, 29, 32, 33, 38, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары белсене қатысты.

Секция қорытындылары бойынша жүлдегерлер грамоталармен, жетекшілері алғыс хаттарымен марапатталды.

«Біз және экология» секциясында ІІ орынды «Сок деревьев - это их слезы?» жұмысымен № 29 ЖОМ 3 сынып оқушысы Анастасия Кочанова иеленді, ІІІ орынды «Большой вред от маленькой батарейки» жобасы үшін № 17 ЖОМ 5 сынып оқушысы Тимур Черва, «Качество питьевой воды и ее влияние на здоровье жителей поселка Ленинский» жұмысымен № 32 НМ 6 сынып оқушысы Владислав Бабайлов, «ЭКО-дизайн (вторая жизнь полиэтиленового пакета)» жобасы үшін    40 ЖОМ 5 сынып оқушысы Альмира Токтарбекова, «Солнечный параболический концентратор» жұмысымен 9 сынып оқушысы  Яков Теребецкий иеленді.

Конференция жұмысы «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді танып біл», «Тарих бесігі - мұражай», «Ғылымға бастапқы қадам» секциялары бойынша 30 қарашаға дейін жалғастырылады.