Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Полицейлердің қызметі балалар көзімен
27-11-2018 19:38
Полицейлердің қызметі балалар көзімен

  2018 жылдың 27 қарашасында «Мен және менің полицейім» республикалық акциясының аясында Павлодар қаласының № 37 мектебінің 1 - 4 сынып оқушыларына арналған «Полиция қызметкерінің жұмыстары» балалар суретінің байқауының қорытындысы шығарылды. Іс-шараға Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ади ӘлиұлыДанияров және Павлодар облысы ІІД Кәмелетке толмағандар ісі департаменті, полиция подполковнигі Бибігүл Төлегенқызы Камзина қатысты.

  Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. «Жол тәртібі» тақырыбымен І орынға 4-ші сынып оқушысы Нұрғалиева Аружан, «Полиция маған қамқорлық жасайды» суреті үшін ІІ орынды 3-ші сынып оқушысы Абдиков Жандос, «Қала сенімді қолдарда» III орынды Бахыт Іңкәр марапатталды. Полиция полковнигі Ади Әлиұлы Данияров 10 оқушыға номинация бойынша мадақтамаларды табыстады. Полиция қызметкерлерінің басшылығымен балалар арнайы техниканы көруге, дыбыстық және жарық сигналдарын көруге мүмкіндік алды, ал бірнеше секунд уақыт өткен соң, флэш-жадыда және қызметтік көлігіндегі дауыстық құрылғыны көрді.

  «Бұл акцияның мақсаты балаларды полицияның жұмысымен таныстыру, оларды қоғамдық орындарда және жолдарда мінез-құлықтың кейбір негізгі қағидаларын үйрету», - дейді Бибігүл Төлешқызы.