Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жасұландықтардың қатары толықты
28-11-2018 18:03
Жасұландықтардың қатары толықты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Павлодар қаласындағы барлық жалпы білім беру мектептерінде «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымының қатарына қабылдауға арналған салтанатты жиындар өтті. Оқу үздіктері саналатын, қала мен мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын 2845 оқушы ант қабылдап, аспан түстес көк галстуктарды мойындарына тағады. Мұндай салтанатты рәсім жылына үш мәрте жүзеге асырылады.

2018 жылдың 28-қарашасы күні № 16 лицей-мектебінде «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдердің бірыңғай ұйымының қатарына жас патриоттарды қабылдаудың салтанатты сап түзеу жиыны өткізілді. Оған мәслихат депутаттары, педагогикалық еңбектің ардагерлері, ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шара барысында педагогикалық еңбектің ардагерлері Галина Александровна Жукова, Татьяна Алексеевна Карпенко, Вера Николаевна Баталова жас «жасұландықтарға» көк түсті галстуктарды байлады. Сонымен қатар, құрметті қонақтар әрбір оқушы біздің мемлекетіміздің лайықты азаматы және патриоты болып, өз жетістіктерімен балалар қозғалысының тарихына қомақты үлес қосуы керектігін атап көрсетті.

Мерекелік музыкалық номерлер, көрермендердің қошеметі, ең бастысы мойынға тағылған көк байрақ түстес галстук - жас «жасұландықтар» үшін ерекше сыйлық әрі үлкен абырой болғаны анық. «Патриот болу - өз Отанын ерекше қастерлеу, сүю. Өзіне және халқына сену, Отанының тарихын, мәдениетін және дәстүрлерін құрметтеу, алға қарай нық сеніммен қадам басу!», - дейді лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Ирина Гизбрехт.