ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа форматтағы педагогикалық қызметкерлердің аттестациясы
29-11-2018 15:10
Жаңа форматтағы педагогикалық қызметкерлердің аттестациясы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті №16 лицей-мектебінің базасында жас директордың орынбасарларына арналған «Педагог қызметкерлердің аттестациясы. Жаңа форматта педагогикалық қызметкерлердің аттестация ережелері» тақырыбында кезекті отырысын өткізді. Отырысқа қала мектептерінің 30-дан аса директордың орынбасарлары қатысты.

          Отырыста лицей-мектептің оқу-тәрбие ісі бойынша директор орынбасарлары С.А. Медуова мен А.К. Муссина жаңа форматтағы аттестация, нормативті база, мектептегі құжаттарды жүргізу туралы түсініктеме берді. Рефлексия сатысында «Өзіндік ойын» брейн-ринг өткізілді. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісінің м.а. Ш. С. Нурахметова педагог қызметкерлері аттестациясының жаңа форматының ерекшелігі, оның педагог үшін, педагогикалық шеберлік пен кәсіби өсу үшін тиімді тұстары туралы айтты.

         Қатысушыларға ұсыныстар берілді, семинар материалдары қала мектептеріне жұмыста қолдану үшін жіберілді.