ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас мергендер сайысқа түсті
13-12-2018 19:43
Жас мергендер сайысқа түсті

2018 жылғы 12 желтоқсанда Павлодар қаласындағы № 26 мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналған қала мектептерінің 9 - 11 сынып оқушылары арасында атыс қаруын атудан жарыс өтті.

Мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, пневматикалық винтовкадан оқ ату спортын дәріптеу, патриотизмге тәрбиелеу, жастарды спортыпен айналысуға тарту. Жарысқа құрметті қонақ ретінде интернационал-жауынгер Әміржанов Мұрат Болатұлы  шақырылды.

Жарысқа 25 команда, 75 оқушы қатысты, оның ішінде 50 ұл 25 қыз бала, Павлодар қаласының мектептерінен № 1, 2, 4, 6, 7, 9, 12, 14, 16, 17, 20, 21, 22, 24, 25, 28, 29, 30, 36, 37, 39, 40, 41, 43, Кенжекөл ЖОМ қатысты.

Жарыстар жеке және командалық біріншілікте өткізілді. Көрсеткіде тұрып 10 метр қашықтықта жаттығуларды орындады. Атыс шебіне жарыстың 3 қатысушыдан шықты, олардың әрқайсысы пневматикалық винтовкадан 3 ату және 5 сынақ ату мүмкіндігіне ие болды.

Алғашқы әскери дайындық оқытушы - ұйымдастырушыларының құрамында Анатолий Павлович Лапин және Жастілек Беркінұлы Жұмабаевтың төрешілер алқасы әр қатысушының нәтижелерін әділ жүргізді.

Жарыс кезінде жас атушылар бойынан байқампаздық, батылдық пен жеңіске деген ерік көрінді. Олар - № 27 мектептің оқушысы I орын алған Хабидуллаев Темирлан,жеке сынақта жеңімпазы, II орын алған Хамит Махамбет (№ 4 ЖОМ), III орын алған Шаяхмет Мирас (№ 25 ЖОМ). Рекордқа қол жеткізу үшін қыздарға керемет техника ғана емес, өз эмоцияларын меңгере білу де қажет болды. Үздік атқыш № 17 ЖОМ оқушысы Муканова Марина, II орынды Шелег Ульяна (№ 4 ЖОМ), III орынды Путинцева Милена (№ 6 ЖОМ) иеленді.

     Атқыштар дайындығының жоғары деңгейде № 17 мектептің командасы көрсетті, ол ауыспалы кубокпен және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Оқ атудан тәжірибе мен машықтың арқасында II орынды № 25 мектеп командасы, III орынды № 41 мектеп командасы иеленді.

 Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамотасымен марапаттау рәсімі отті.