ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық балалардың суреттері Мәскеудегі көрмеде
14-12-2018 15:56
Павлодарлық балалардың суреттері Мәскеудегі көрмеде

Павлодар қаласы № 1 балалар көркемсурет мектебінің оқушылары 2018 жылғы 12 желтоқсанында Мәскеу қаласы Ресей көркемсурет академиясында  өткен Надя Рушева атындағы II халықаралық ашық балалар суреті жеңімпаздар салтанатты қошеметтеу рәсіміне қатысты. Мектептің 8 жасөспірім дарындылары қазылар алқасының құрметті төрағасы, Ресей көркемсурет академиясының президенті, Ресей елінің халық суретшісі, ЮНЕСКО посолы, СКРО және Ресей мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Зураб Церетелидің өз қолынан дипломдар алды.

         Мектеп оқушылары бұл сайысқа 2-ші жыл қатысып жатыр. Биыл 38 бала қатысты. Лариса Борисовна Илларионова жетекшілігіндегі  8 жастағы   Райзер Каролина, «Жастар таза қала үшін» жұмысы үшін, 8 жастағы Дубовая Мария «Алтын ғажайып» жұмысы үшін, 7-жастағы Гоман Алина «Батыр баланың шөнжіктерді құтқару» жұмысы үшін, Инна Владиславовна Масленникованың жетекшілігіндегі 10-жасар Алена Коношонок «Театрда» жұмысы үшін, 9-жасар Андрей Поляков «Мимы» жұмысы үшін, 8-жасар Мерей Адамжанова «Үндінің ашық бояулары» жұмысы үшін, 5-жасар Амина Бельгибаева, «Үндістан Республика күні» жұмысы үшін, 8-жасар Дарья Дубкова «Үндістан - ертегі елі» жұмысы үшін  сайыстың жеңімпаздары болып атанды.

          «Павлодарлық жасөспірім суретшілердің жұмыстары бояулар жарқындығымен, фантазия байлығымен, балалық пәктігімен ерекшеленді», - дейді Мәскеудегі суреттер көрмесіне өз балаларымен барып келген ата-налар.