ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың 12 оқушысы қала әкімінің грамотасымен марапатталды
14-12-2018 17:03
Қаланың 12 оқушысы қала әкімінің  грамотасымен марапатталды

2018 жылы 13 желтоқсанда Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай латын қарпінде  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»атты қалалық эссе-байқауыөткізілді. Конкурстың мақсаты - латын негізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту.

Қалалық байқауға мектепішілік кезеңіндегі 5 - 11 сынып  арасынан жүлдегермен жеңімпаз атанған 2 оқушыдан, жалпы 82 оқушы қатысты. Қатысушыларға  алдын-ала байқаудың ережесі, эссежазу критерийлері, бағалау өлшемшарттары туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.

Байқау қорытындысы бойынша 14 желтоқсанда  № 16 ЖОМ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Салтанатты марапаттауға Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Саян Назымұлы Мұқанов, әділқазы мүшелері Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің ф.ғ.к, профессоры Қуаныш Советұлы Ерғалиев, ф.ғ.к. Бахытжан Мәсәлімқызы Қадырова.

І дәрежелі  дипломмен № 37 ЖОМ 10-сынып оқушысы Адамғали Сұңқар марапатталды.

ІІ  дәрежелі  дипломмен  № 7 ЖОМ 11-сынып оқушысы Байдүйсен Тогжан, № 12 ЖОМ 10-сынып оқушысы Пернебай Фариз марапатталды.

ІІІ  дәрежелі  дипломмен  № 1 ЖОМ 5-сынып оқушысы Шаймұрат Аида,  № 6 ЖОМ 11-сынып оқушысы Мейрам Өзгеріс, № 38 ЖОМ 8-сынып оқушысы  Оспанова Асия марапатталды.

«Тұнық ойдың кәусары» номинациясымен № 4 мектептің 8-сынып оқушысы Мальсагов Ислам, «Ұшқыр ой» - № 5 мектептің 8-сынып оқушысы Моор Элина,  «Ұстаным ізденісі» - № 11мектептің 5-сынып оқушысы Кисилева Ирина, «Маржан сөздің иесі» - № 22мектептің 10-сынып оқушысы Баймұратова Танзиля, «Тіл шебері» - № 29 мектептің 9-сынып оқушысы Газезова Балжан, «Тобықтай түйіннің иесі» - Кенжекөл мектебінің 11-сынып оқушысыАльмишев Ербол марапатталды.

«Тұнық ойдың кәусары» номинациясының иегері Мальсагов Ислам,байқаудың жүлдегері көрермендерге өзінің эссесін оқыды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қала әкімінің грамотасымен және смарт-сағаттар, экшн-камера, 500 Gb Usb диск, Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының кітаптары сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Көрермендер республикалық және халықаралық «Жырлайды жүрек», «Асыл мұра», «Сәлем, Қазақстан» байқауының жеңімпазы «Бала шабыты» Халықаралық жоба байқауының гран-при иегері,Ұлттық «Бала дауысы - 2018» ән байқауының лауреаты № 25 ЖОМ 5-сынып оқушысы Мұзафар Гаухардың өнерін тамашалады.