ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жұмыс тәжірибесімен алмасу
20-12-2018 12:26
Жұмыс тәжірибесімен алмасу

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 41 ЖОМ-де директордың жас орынбасары мектебінің отырысын өткізді. Отырысқа жұмыс өтілі 0-ден 3 жылға дейінгі жалпы білім беретін мектеп директорларының 20-дан астам орынбасарлары қатысты.

Мектепшілік бақылау мәселелері қарастырылды, ақпараттың басты көзі ретіндебілім беру үрдісінің жағдайын диагностикалауға және заманауи мектеп алдында тұрған міндеттерді табысты іске асыру үшін басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін, білім беру ұйым қызметінің негізгі нәтижелері анықталды.

Мектеп әкімшілігі мектепішілік бақылауды ұйымдастыру, құжаттаманы жүргізуді, мониторингті жүзеге асыруды,  жылдық,  айлық, апталық мектеп жұмысын жоспарлау жұмыстарының тәжірибесімен бөлісті.

Орыс тілі мұғалімі Алтын Қайруллақызы Шапшинова, қазақ тілі мұғалімі Баян Мұқарамқызы Қабиденова, математика мұғалімі Сауле Канағатқызы Шайхыбекова, бастауыш сынып мұғалімі Бахыт Мухамедьянқызы Саматова ашық сабақтар өткізіп, кейін талдау жүргізілді.

Семинарға қатысушылар мектепішілік бақылауды жеке алынған автономды басқару әрекеті ретінде ғана емес, атап айтқанда басқару процесінің құрамдас бөлігі ретінде көп аспектілі талдаудың байланыстырушы буыны және тиімдібасқарудыұйымдастыру қажет деген қорытындыға келді.

Отырыс материалдары, әдістемелік ұсынымдар, сабақтарды бақылау бағдарламалары сайтта орналастырылып, қала мектептерінің жас директор орынбасарларына көмек ретінде берілді.