Астанада, ШҚО, Қарағанды, Ақмола және Түркістан облыстарында дауылды алдын ала ескерту жарияланды.
21 - 22 желтоқсанда Қазақстанның кей облыстарында -38 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде. Дауылды алдын ала ескерту Астанада, ШҚО, Қарағанды, Ақмола және Түркістан облыстарында жарияланды, деп «Қазгидромет» РМК хабарлады.
«21, 22 желтоқсан күндері түнде Шығыс-Қазақстан облысында ауа температурасы -33 - 38 градусқа дейін төмендеуі күтілуде. Ақмола облысында — аймақтың оңтүстік бөлігінде аяз 30 - 33 градусқа дейін күшейеді, Қарағанды облысында - 32 - 35 градус аяз болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90 - 95%», деп хабарландыруда айтылған.
Астанада 21 желтоқсан күні кешке ауа температурасы -30 - 32 градусқа дейін төмендейді. Дауылды алдын ала ескерту жарияланды.
«Астана тұрғындары 21-22 желтоқсан күндері қатты аяз күтілетіні жайлы SMS-хабарландырулар алды», – деп «Қазгидрометте» хабарлады.
Қолайсыз күн райы оңтүстік аймақтарға да жетеді - 21 желтоқсанда Түркістан облысында дауылды алдын ала ескерту жарияланды.
«Облыста тұманды болады, таулы аймақтарда боран және желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90 - 95%», деп хабарландыруда айтылған.