Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Логопедиядағы инновациялық технологиялар
27-12-2018 09:28
Логопедиядағы инновациялық технологиялар

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті қаланың жалпы білім беру мектептерінің логопедтері мен психологтарының «Логопедтік жұмыстағы білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында семинар өткізді.

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Ш. С. Нұрахметова, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы А. Ф. Деревнина өз сөзінде мектептердің заманауи білім беру үдерісіне инклюзияны енгізу мәселелерін қозғады, логопедияда, білім беру жүйесінде жаңартуларды енгізу бойынша жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Семинар шеңберінде инновациялық технологияларды енгізудің практикалық тәжірибесін № 15 ЖОМ логопед-мұғалімдері Прокопенко Татьяна Алексеевна, Шу Ульяна Григорьевна, Альфия Кабидуллақызы Аманкулова, Алия Даулетханқызы Амаркулова, Асем Гапалқызы Акказенова ұсынды.

          Прокопенко Татьяна Алексеевна өз сөзінде тілдік ақауы бар сыныптар шеңберінде инклюзияны енгізу және әртүрлі тілдік ақау диагнозы бар балалармен жұмыстың жаңа әдістерін енгізу мәселелерін айтты. Шу Ульяна Григорьевна бастауыш сыныптардағы жаңартылған мазмұны бойынша сөйлеу қабілеті ауыр балаларға арналған тіл дамуының кемшіліктерін түзету, сөйлеу сабақтарында логопедияда білім беру процесінің мазмұнына жаңартуды енгізу, сөйлеу тілін дамыту және жеке логопедиялық сабақтарда сөз сөйлеуді дамыту мәселелеріне тоқталды. Альфия Кабидуллақызы Аманкулова  «Логопедиядағы инновациялық технологиялар» өз сөзінде тілдік ақау сөйлеу бұзушылықтары бар кіші оқушылармен түзету жұмыстарына енгізу үшін өзекті жаңа логопедиялық технологияларға шолу жасады. Алия Даулетханқызы Амаркулова жаңа технологиялар мен тәсілдерді қолдана отырып, логопедиялық сабақтардың бейнефрагменттерін ұсынды, оларды енгізу түзету процесінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Асем Гапалқызы Акказенова логопедиялық жұмыста жаңа әдістер мен тәсілдерді ұсынды.

Семинарға қатысушыларға сөз сөйлеу тақырыптары бойынша бейнежазбалар, жадынамалар, тілдік ақау сөйлеу кемшіліктерін түзету бойынша ұсыныстар ұсынылды. Семинар материалдары Әдістемелік жинақтамамен толықтырылды, кәсіби ой-өрісін кеңейтті, білім беру мазмұнын жаңартуда жаңа білімдермен байытуға, қала мектептерінің логопедтері мен психологтарының шығармашылық әлеуетін дамытуға және жүзеге асыруға ықпал етті. Талқылау барысында логопедтік пункттердің жұмысы, мектептерде кабинеттер ашу, курстық дайындық, психологтар мен логопедтерді аттестаттау бойынша мәселелер шеңбері белгіленді.