Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Балаларға тәтті сыйлайық
27-12-2018 11:05
Балаларға тәтті сыйлайық

Павлодар қаласының № 17 ЖОМ-де «Балаларға тәтті сыйлайық» атты  жыл сайынғы жаңа жылдық науқан  басталып кетті. Аз қамтылған  отбасынан шыққан  балаларға  тәтті  сыйлықтар  сыйлау дәстүрге  айналды. Жылдан жылға  көмек беруші, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй және  қуаныш сыйлайтын мейірімді «сиқыршылар» қатары  көбейіп келеді. Бұл науқанға ата-аналар, мектеп ұстаздары, қамқорлыққа алу кеңесінің  мүшелері да ат салысуда.

«Балаларға тәтті сыйлайық» науқаны  қайырымдылықты  дамытудағы  аса құнды үлес, азқамтылған отбасыларына қолдау көрсету, басқа да  қайырымдылықпен  айналысып жүрген адамдарға үлгі болып  табылады.  Біз  тек материалды  құндылық қана емес, балаларға  қуаныш сыйлаймыз және бұл  өте маңызды» екендігін қамқорлыққа алу кеңесінің  мүшелері ескере  кетті. Әсіресе бірнеше  жылдар бойы азқамтылған отбасынан шыққан  30 балаға  жаңа жылдық  сыйлық  тарту етіп келе жатқан,  7 сынып  оқушысы Эвелина Рудьконың ата-анасына алғысымыз шексіз. Жаңа жыл  қарсаңында  әр бүлдіршінге  Аяз ата мен Ақшақар сыйлық сыйлайды.