Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Оқушылар өз жетістіктерін жариялады
28-12-2018 16:35
Оқушылар өз жетістіктерін жариялады

Павлодар қаласының № 17 ЖОМ-нде тұңғыш рет «Даңқ  сәті» дарындар конкурсы өтті. Мақсаты - дарынды балаларды анықтап, шығармашылық өсуіне әсер ету. Жетістіктерді жариялауға бүкіл сыныптар қатысты (бастауыш сыныптың 200 оқушысынан астам және  жоғары сыныптардың 300 оқушы).

         Номинациялардың көпқырлығы барлық көрермендерді таң қалдырды - вокал, акробатика, би, спорт, әдебиет дарындары - бұл біздің мектеп оқушылары жетістіктерінің толық тізімі емес. Оқушылардың көбі түрлі деңгейлі сайыстарға қатысып, мектеп абыройын қала, облыс, республика көлемінде қорғайды. Көбі ел намысын халықаралық жарыстарда қорғайды. Конкурс номинанттары арасында дзюдо бойынша Республикалық турнирдің жеңімпазы 8 сынып оқушысы Владислав Харитонов, көркем гимнастика бойынша Қазақстан Республика чемпионатының жүлдегері 5 сынып оқушысы Виктория Суховецкая,  футбол бойынша республикалық сайыстың жүлдегері Артем Алексеев, батутта акробатика-секіру бойынша халықаралық жарыстың жеңімпазы 5 сынып оқушысы Тихон Бондаренко, дзюдо күресі, футбол бойынша республикалық жарыстар жеңімпазы 5 сынып оқушысы Қайрат Идрисов, жеңіл атлетика бойынша облыстың абсолютты чемпионы 5 сынып оқушысы Николай Урузбаев, кекушинкай карате  бойынша Еуразия кубогы халықаралық турнирдың жеңімпазы 6 сынып оқушысы Жасмин Калиева, көркем гимнастика бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпазы 7 сынып оқушысы Жасмин Абишева, бокс бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпазы 8  сынып оқушысы Ильяс Бисимбаев, таеквандо бойынша республикалық турнирдың жеңімпазы 8 сынып оқушысы Данил Паршуков, спорттық акробатикасы бойынша спорт шебері 10  сынып оқушысы Иван Рудяшко болғаны бәрін қуантты. Бұл тізімді тағы жалғастыруға болады. Тек бастауыш сынып оқушылары арасында ғана жүзден астам түрлі конкурстар мен жарыстар жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқиды. Атап өтсек, 1 сынып оқушысы Кеңес Дария 2018 жылдың 22 желтоқсан күні Дубаида өткен  Эмираттар мен Азия елдері Кубогы жарыстарының жеңімпазы. Мектеп командасы 2008 - 2009 жылы туған балалар арасындағы  облыстық футзал турнирінде I орынға ие болды.

         Интеллектуалды математикалық «Бастау» олимпиадасында  бастауыш сыныптың 2 командасы жеңімпаздар болып атанды. 11 сынып оқушысы Двинянина Екатерина Президенттік олимпиадасында ІІІ орынға ие болды.

         Оқушылар өз жетістіктерін жариялап, оқуын мектептен тыс білім алумен қалай біріктіреді екені   туралы тәжірибесімен бөлісті. 

         «Бұл конкурс дәстүрлі болады деген сенудеміз. Жылдан жылға дарынды, алдына мақсат қоя алып, жеңіске жететін оқушылар саны өседі», - дейді республикалық таеквандо бойынша турниры жеңімпазының мамасы Марина Геннадьевна Паршукова.