ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру мекемесінің түзету-педагогикалық қызметі
29-12-2018 08:44
Білім беру мекемесінің түзету-педагогикалық қызметі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 6 ЖОМ-да «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту жағдайында білім беру мекемесінің түзету-педагогикалық қызметі» атты семинар-практикум өткізді. Семинарға мектеп директорларының орынбасарлары, психологтар, логопедтер, мектеп инклюзивті қолдау кабинетінің тьюторлары қатысты.

Психологтардың, логопедтердің, пән мұғалімдерінің, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін ата-аналардың қызметін әдістемелік сүйемелдеу, қаланың жалпы білім беретін мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды түзету үшін мамандандырылған кабинеттерді ашу мәселелері бойынша семинарда қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Шолпан Сәменқызы Нұрахметова, педагог-психолог Марина Васильевна Манякова, тьютор София Вячеславовна Галеева сөз сөйледі. Мектеп педагог-психологы Касымова Зарема Женисовна түрлі білім беру мүмкіндіктері бар балаларды мектеп жүйесіне қосу туралы айтты, мастер-класс өткізді, тьютор-дефектологтың құжаттарын зерттеу және ресімдеу, оқушының жеке даму картасын жасау бойынша топтардың жұмысын ұйымдастырды.Семинарға қатысушылар жаңа оқу жылының басынан бастап мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқыту үшін Астана қаласының «Болашақ» республикалық қайырымдылық қоры пилоттық режимде ашылған инклюзивті қолдау кабинетінің жұмысымен танысты.Кабинет оргтехникамен (ноутбук, түрлі-түсті принтер, ламинатор, кескіш), сенсорлық бұрышқа арналған жабдықтармен (күрес матрасы, үлкен доп, кресло (жұмсақ пуф, батут), сенсорлық дамуға арналған материалдармен (контейнері бар кинетикалық құм), мұғалім үшін әдістемелік құралдармен, дидактикалық ойындармен жабдықталған, демалыс аймағы, оқу аймағыменқамтылған. Түзету сабақтарын өткізу үшін қажетті оқу материалдары бар.

Семинар материалдары қала мектептерінде жұмыс істеуге бағытталған, мектеп және білім бөлімінің сайттарында орналастырылған. Қала мектептерінде инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін директорлардың орынбасарларына, психологтарға, логопедтерге, әлеуметтік педагогтарға, қала мектептерінің тьюторларына арналған семинарлар ай сайын өткізіледі.